Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Халиолла өмірі»
Арнаулы кітапханада, аудармашы Халиолла Өскенбаевтің туғанына 175-жыл толуына орай, «Халиолла өмірі» еске алу сағаты өтті. Іс-шараға Өскемен қаласы білім басқармасының «№35 орта мектеп» КММ-ң оқушылары қатысып, Халиолла Өскенбаев жайлы деректермен танысты. Шарада Халиолланың ата-тегі шешіресі, өмір жолы, алған білімі туралы ақпараттар берілді.
«Дорога к сказам»
28 ақпан күні, «Кең шеңбер» тиімді серіктестік жобасы аясында, арнаулы кітапхана оқырмандары өлкетану мұражайына барды. Мұражай маманы П. П. Бажовтың 145–жылдығына арналған лекция өткізді. Танымал жазушысы 1919 жылы Өскеменге «Бахеев» тегімен сақтандыру агенті ретінде келіп, «Крестьянская газетаның» редакторы болды.




1 наурыз күні кітапхана қызметкерлері белсенді оқырманымыз Анна Залещукпен бірге «Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болып, ертегі терапиясын өткізді.
«Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында Павлодар облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасымен «Өлең жолдарындағы табиғат» онлайн кездесу өтті. Екі кітапхананың оқырмандары өздерінің өлеңдері арқылы сырларымен бөлісті.




