Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлттық теңге – Тәуелсіздіктің нышаны»

2023 жылы Қазақстанның ұлттық валютасы теңгеге 30 жыл толады. Мереке қарсаңында кітапхана ұжымының қызметерлері «Ақ ниет» мектеп-интернатының оқушылары арасында «Ұлттық теңге – Тәуелсіздіктің нышаны» атты арнайы ақпараттық сағат өткізді. Балалар теңгенің жасалу тарихы және Қазақстандағы ұлттық валютаның енгізілуі туралы мәліметтерді қызығушылықпен тыңдап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешті.
Республиканский конкурс эссе «Моя любимая книга»
2023 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Брайль шрифтін меңгерген, 18 жастан асқан көру қабілеті бұзылған пайдаланушылар арасында «Менің сүйікті кітабым» республикалық эссе байқауына қатысушыларды марапаттау шарасы өтті.
«Әйелдердің жарқын әлемі»

Халықаралық зағиптар күні қарсаңында «Әйелдердің жарқын әлемі» әйелдер клубында қатысушылар бірегей тұлға - Хелен Адамс Келлер туралы білді. Бұл - саңырау әрі соқыр бола тұрып, адам тағдырын өзгертіп, табыс пен атақ-даңққа қол жеткізе алатынын өзінің батылдығымен бүкіл әлемге дәлелдеген ғажайып әйел.
«Балалардан балаларға»

27 қазан күні сағат 11.00-де ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Балалардан балаларға» аудиожобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба жақында құрылды және қазірдің өзінде танымал бола бастады. Жобаның бастамашысы ретінде Ресей Федерациясының Вице-консулы Александр Андреевич Дяченко шараға қатысты.




Дойбы - ең танымал және сүйікті интеллектуалды ойындардың бірі, тіпті кішкентай балалар да ойнайды. Нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп-балабақша кешенінің оқушылары жай ойнап қана қоймай, барлық ережелерге сәйкес дойбы жекпе-жегінің негіздерін меңгереді.



