Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Сиқырлы дойбы әлемі»

«Сиқырлы дойбы әлемі» – сұранысқа ие, инклюзивті танымал жоба, оның арқасында көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің үшінші және төртінші сынып оқушылары дойбы ойынының қыр-сырын меңгереді, ақыл-ой қабілеттерін дамытады және оларды ойын арқылы қоғамға бейімдейді. Өйткені, бұл денсаулыққа қатысты проблемаларға қарамастан барлық балалар ойнай алатын әмбебап ойын. Халықаралық мүгедектер күніне арналған сабақ-көрмей-де, ести де алмайтын ғажайып тұлға, әлемдік деңгейде танымал тұлғаға айналған Хелен Келлердің өмір тарихынан басталды. Балалар алақандарына әріптердің суреттерін салу арқылы бір-біріне «әріптерді берді». Міне, осылайша мұғалім Хелен Келлер қызға оқу мен жазуды үйретті. Осындай жаттығулардан соң теория мен білімді практикада бекітуді бастадық. Балалар өздерінің сүйікті ойынын ойнау үшін «сиқырлы дойбылармен» кездесуді асыға күтеді.
Музафар Алимбаев
«Ақ жүрек» поэзия клубының кезекті отырысы ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтің 100-жылдығына арналды. Ақын әрі жазушы М.Әлімбаев қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты, балаларға арналған «Балдырған» журналының негізін қалаушы, көптеген кітаптардың авторы.
«С берегов одной реки»

22 қараша күні Павлодар облыстық арнаулы кітапханасымен бірлескен «Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында «Заманауи кітапхана - мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік - мәдени бейімдеу орталығы» атты онлайн кездесу өтті. Шара барысында қос кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу орталығы ретінде арнайы кітапханалардың қызметі туралы ақпаратпен алмасты.




ШҚО «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында арнаулы кітапханада «Қатыгездік пен зорлық: оларға қалай қарсы тұру керек?» атты әңгімелесу – ескерту шарасы өтті.




