Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Флэшмоб «Менің туған жерім-Қазақстан!»
Республика күніне орай, Шығыс Қазақстан арнаулы кітапханасы Республикамыздың арнаулы кітапханалары арасында «Менің туған жерім-Қазақстан!» атты флэшмобты бастады. Эстафета Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына беріледі.
С Днем Республики!
Елдік пен егемендіктің мерекесі - Республика күні құтты болсын!
«Егемен елдің еңсесі биік»
Облыстық арнайы кітапханада Республика күні қарсаңында «Егемен елдің еңсесі биік» атты мерекелік микс өткізілді. Іс-шараның ашылуы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Облыстық арнайы кітапхананың директоры Бекайым Касымхановна Уябаева және «Қазақ зағиптар қоғамы» облыстық филиалының төрағасы - Самат Тоқанұлы Раев қатысушыларды мерекемен құттықтады.





Арнайы кітапхананың оқу залында Республика күні қарсаңында «Менің Отаным – Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихы,



