Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Республика күні
25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.
Еліміздің тәуелсіздігі.шынымен де осы күннен басталады. Ата - бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасындаосынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімізді мақтаныш етеміз.
«Әлемді сипау арқылы сезіну...»
Өнер музейінің қызметкерлері арнайы кітапхананың құрметті қонақтары болды. Ақ таяқ апталығы аясында «Әлемді сипау арқылы сезіну...» атты жылжымалы тактильді көрме ұсынылды. Көрмеге ағаштан, матадан және былғарыдан жасалған бұйымдар мен мүсіндер қойылды. Көрермендер Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнеріне виртуалды саяхат жасады.
«Менің сүйікті поэзиям»

«Ақ таяқ» апталығы аясында «Шамшырақ» клубында «Менің сүйікті поэзиям» атты шара өтті. Кездесу қонағы - жерлес ақынымыз Ихсанова Нұржанат Бақытқызы. Арнайы кітапхана оқырмандары қонағымыздың өмірбаяны мен өлеңдерін тыңдап қана қоймай, өздері де қазақтың ақиық ақындары М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынованың өлең жолдарынан сыр шертіп, ән айтып, домбырамен күй тартты.
«Елге сәлем»

11 қазан күні кітапхана қызметкерлері «Ертіс концерт» залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Ғазизхан Әділхановтың «Елге сәлем» атты шығармашылық кешін тамашалады. Ғ. Әділханов бүгінде Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі.




Көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінде 3-4 сынып оқушылары алғаш рет «Сиқырлы дойбы» әлемімен танысты. Арнайы кітапхана қызметкерлері бастауыш мектеп оқушыларына зағип жандарға арналған арнайы дойбыны көрсетті.



