Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Сыбайлас жемқорлық: тарих, қазіргі заман, күрес тәжірбиесі»
Сыбайлас жемқорлық – біздің дамуымыздың басты кедергілерінің бірі. Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың ізі азды-көпті деңгейде кез келген елде кездеседі. Бүгін, біз «Сыбайлас жемқорлық: тарих, қазіргі заман, күрес тәжірбиесі» атты ақпараттық парақша арқылы бұл мәселе мемлекетімізге және әрқайсымызға орасан зор зиян келтіретінін тағы да оқырман назарына саламыз.
«Жаны нұрлы махаббатпен»
Бүкіл әлем анадан басталады... – осы сөздер аналар күніне арналған «Жаны нұрлы махаббатпен» атты мерекелік шараның лейтмотивіне айналды. Арнайы кітапхананың залында көтеріңкі көңіл-күй орнады. Мерекелік бағдарламада аналарға арналған құттықтаулар, тамаша әндер орындалып, авторлық өлеңдер оқылды. Көрермендер көптеген эмоцияларды бастан өткерді: олар ән айтты, көңілдерін көтерді және биледі. Шарадан әрбір қонақ ең жағымды әсерге ие болды.
«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне кітапханамызда «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында лингвистикалық сағат өтті. Қазіргі таңда тіл дамыту мәселесіне қатысты не жаңалықтар барын ШҚО мәдениет басқармасы ШҚ лингвистика орталығының оқытушысы Серікбекқызы Балжан таныстырып, тыңдармандарға тың ақтпарат берді.










