Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жеті жарғы өркениеті»
ҚР Конституциясында еліміздің ең басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сан қырлы өміріміздің қай кезеңінде құқықтық мәселеге тап болатынымызды болжау мүмкін емес. Білікті заң көмегіне неғұрлым тезірек жүгінсек, соғұрлым нақты іс бойынша табысқа жету мүмкіндігі жоғары болады.
«Сүйікті қаламызға арналады»
Өскемен қаласы жылдан жылға көркейіп, дамып келеді. Бұл мыңдаған азаматтардың өз қаласына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының жемісі. Қаланың туған күні қарсаңында, Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Сүйікті қаламызға арналады» атты мерекелік - әуенді ассорти шарасы өтті. Өздерінің сүйікті әндері мен өлеңдерін орындаған концертке қатысушылар оқырмандарымызға шынайы әуенді мереке сыйлап, жүректеріндегі сүйікті қаламызға деген ыстық ықыласы мен махаббаттарын білдірді.
«Жазушы шығармашылығындағы өлке»
2023 жылдың екінші қыркүйегінде Социалистік Еңбек Ері, ҰОС ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, қажымас қоғам қайраткері, атбегі, түрлі жанрдағы бірнеше кітаптардың авторы Бошай Кітапбаевтың туғанына жүз жыл толады. Атақты ақсақалдың ғасырлық мерейтойы қарсаңында кітапханамызда «Жазушы шығармашылығындағы өлке» атты шара өтті.
«Мыслями с народом поделюсь...»

Құрметті оқырмандар! Кітапхана ұжымы сіздерге арнап «Халықпен ой бөлісемін...: Шығыс Қазақстан жазушыларының әңгімелері» кітабын рельефті - нүктелі және үлкейтілген түрде басып шығарды. Кітапқа Шығыс Қазақстан жазушылары Асқар Алтайдың «Сорока-киллер», Қалиқан Ысқақаовтың «Запах молока», Роза Мұқанованың «Ангел с лицом дьявола» шығармалары кірді.
Турнир по тогызкумалаку
Тоғызқұмалақтан ШҚО спорт клубының мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы ашық турнирі аяқталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Финишировал открытый турнир спортивного клуба ВКО по тогызкумалаку среди спортсменов с поражением органов слуха, зрения и СПОДА. Поздравляем всех победителей!








