Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлы дала астанасы»
Туған күніңмен, сүйікті Астана! Осындай көңіл — күймен арнаулы кітапхана оқырмандары елордамызға «Астана» онлайн — лайнері арқылы қызықты саяхат жасады. Қаланың мерейтойына арналған «Ұлы дала астанасы» тарихи круизы «жолаушыларды» ерекше архитектуралық ғимараттармен таныстырудан басталды.
«Жырымен жұрттын оятқан»
Өлең жазып жүрген талапкерлердің бәрін бірдей ақын дей алмаймыз. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы», - дейді Абай.
Дарынды қазақ ақындарының бірі - Мағжан Жұмабаев, әлем әдебиетінің озық дәстүрлерін, қазақ халқының ғасырлар бойғы даналығын бойына сіңірген.
«Здравствуй, солнечное лето!»

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, кітапхана мамандары Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубымен бірлесе ат алаңындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше серуен шарасын ұйымдастырды. Ойынды микс барысында Жу-Жу Арасы мен Ух Күнбағыс балалармен бірге «Шеңбердегі қалпақ», «Күлкіңді бер», «Жабысқақ» және т.б. көңілді ойындар ұйымдастырды. Балалар назарына балалар кітаптары мен журналдары ұсынылып, шара соңында барлығы бірге «От улыбки» әнін орындады.




Арнайы кітапханада «Бір ел — бір кітап» республикалық акция аясында Төлен Әбдік туралы «Жүрекпен жазылған кітаптар» атты әдеби сағат өтті.




