Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«По маршрутам старого пирата»
Накануне Дня Защиты детей сотрудники специальной библиотеки для ребят комплекс школа-детский сад №14 с нарушениями зрения провели увлекательный квест «По маршрутам старого пирата». Вместе с морскими пиратами Джеки и Бонни дети проходили различные испытания: вычерпывали воду из поврежденного судна, бросали метко снаряд, проходили по доске на корм захваченного корабля.
«Наше лето книжного цвета»
Балаларды қорғау күні қарсаңында, №14 мектеп– балабақшасының екінші және үшінші сынып оқушылары, ұстаздар және тәрбиешілерімен бірге арнаулы кітапханаға қонаққа келді. Балалар алдымен «Тифлокеңістіктегі» Брайль қаріпімен танысып, кітапхана қоры, залдарын аралап, түрлі сайыстарға қатысып, көңілді ойындарды ойнады.




Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында, бейбітшілік пен достықты бейнелейтін ақ көгершіндермен салтанатты рәсімделген зал кітапхана қонақтарын қарсы алды.
Қазақстанда 15 сәуір күні «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі. Бұл күнді Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні деп те атайды.
«Өмір сүреміз!» қайырымдылық фестиваліне арнаулы кітапхана басқа да мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестіктерімен бірге қатысты. Кітапхананың интерактивті алаңында бедерлі — нүктелі қаріпте басылып шыққан кітаптардан құралған «ерекше» әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.



