Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Великие тайны природы»
Кітапханамызда 15 наурыз - Жайлау күні, табиғатты аялау мақсатында №25 мектептің 5 - сынып оқушылары үшін «Табиғаттың ұлы құпиялары» атты шара өтті. Шара Абайдың көктем өлеңімен басталды. Интеллектуальды ойындар ойнатылып, балалар көктем туралы суреттер салды.
Весна - пора пробуждения природы, оживление окружающей среды: разливающийся аромат молодой зелени, веселый щебет птиц. Именно в это прекрасное время приходит к нам великий праздник Наурыз-мейрамы, который с большим размахом отмечает вся наша страна. Согласно концепции празднования Наурыза 15 марта - Жайлау күні (День природы). В этот день «Великие тайны природы» открыли учащиеся 5 класса СШ №25.
Праздник «Көрісу»

Кітапхана ұжымы наурыздың 14-і күні - Көрісу мейрамын атап өтті. Қызметкерлеріміз «Азина» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігін осы мейраммен құттықтап, аман-есендігін сұрасып, мерекенің шығу тарихымен таныстырып қайтты. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды.
Акция «Одна страна – одна книга»
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде, кітапхана мамандары №19 мектеп оқушыларына тифлокешенде бедерлі – нүктелі ғаріпте басылып шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Знакомство с чем-то новым приносит новые эмоции, новые знания. Сотрудники ВКО специальной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан в гостях у ребят ШЦ ДО №19. Поводом встречи стал знакомство с книгой, выпущенной на библиотечном тифлокомплексе рельефно-точечным шрифтом Ахмета Байтурсынова «Қырық мысал» к 150-летию писателя, а также в рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга».
Мастерство игры в шашки

Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп – балабақшасы арнаулы кітапхана мамандарын үнемі құшақ жая қарсы алады. Себебі әрбір жаңа кездесу оларға дойбы ойынының жаңа қырын ашады. Балалар түрлі ойын әдістерін үйреніп, бір – бірімен жарысады. Сабақ соңында балаларға жаңадан келген түрлі – түсті, қызықты журналдар таныстырылды.
Как приятно, что ребята из «Комплекс школа-детский сад №14 для слабовидящих детей» с нетерпением ожидают своих друзей из специальной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан. Ведь с каждой новой встречей с их помощью они овладевают все большим мастерством игры в шашки. Как в любом виде спорта, встреча начинается с разминки.




Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай біздің кітапханамыздың «Шамшырақ» үйірмесінде «Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ғабит Мүсірепов» атты әдеби шара өтті. Бұл іс-шарада жазушының өмірбаянына, шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне шолу жасалды.



