Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Спонсор ТОО «Востокцветмет»
Сегодня в библиотеке важное событие! Наш спонсор ТОО «Востокцветмет» в лице Председателя правления Даутова Ильсура Усмановича подарил мультимедийный проектор для наших читателей. Теперь у наших юных читателей появилась возможность на большом экране смотреть интересные детские фильмы с тифлокоммментариями.
«Шли мои земляки по дорогам войны»
«Майдан шебіндегі менің жерлестерім» атты бейне – панорамада Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің студенттері ерекше қойылым дайындады. №25 мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар, оның ішінде жерлестеріміз Ізғұтты Айтықов, Төлеген Тоқтаров, Владимир Иванович Мызы ерліктерін тыңдады. Әскери архив фотосуреттері мен соғыс туралы тарихи кинохрониканы ерекше қызығушылықпен тамашалады.




ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамымен бірге ерекше оқырмандар үшін «Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық музей – қорығы» РМҚК саяхат жасады.
Бүгін кітапханамызда ерекше шара - жерлес жазушымыз Әлібек Қаңтарбаевтың бедерлі – нүктелі қаріпте басылып шыққан «Қасқыр – тірлік...» кітабының тұсаукесері өтті. араның құрметті қонағы ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Раисова Бақытжан Мұхтарханқызы кітаптың лентасын кесті.
Кітапханамызда Қазақ зағиптар қоғамының 85-жылдығына арналған облыстық көркемөнерпаздар фестивалі өтті. Фестивальге Зайсан, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарының және Семей мен Өскемен қалаларының өнерпаздары қатысты.



