Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Кітапханаға келіп компьютерлік сауаттылықты үйреніңіз!

Қазіргі заманда адам өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Көптеген зейнеткерлер бұл мәселеде жастардан артта қалмай, электрондық пошта немесе Skype арқылы сөйлесіп, байланыста болуды қалайды. Осындай белсенді адамдарға компьютерді тез меңгеруге, жаңа білім алып, коммуникативті болу үшін арнайы кітапханада компьютерлік сауаттылық курстары көмектеседі.
«Бір ел - бір кітап, 2022»

2022 жылғы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы, мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын оқу ұсынылды. Осыған орай кітапханамызда «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Пекин-2022. Путь к Олимпу»
Бұл күндері төрткүл дүние жұртшылығы 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін ХХІV Қысқы Олимпияда ойындарын тағатсыздана күтуде. 100-ге жуық мемлекеттен 4 мыңнан аса үміткер қатысатын додада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Телефонмен оқу «Пекин 2022. Олимпке жол», оқырманымыз Қабышев Серікті осы тақырып бойынша шолу ақпаратымен таныстырады. Еліміздің спортшыларына жоғары нәтижелер мен жеңістер тілейміз!
Все мировое сообщество с нетерпением ждет XXIV зимние Олимпийские игры, которые пройдут с 4 по 20 февраля в Пекине.
«Қазақстанның мәдениеті әлемдік қоғамдастықта»
Қазіргі әлемдегі, әлемдік қоғамдастықтағы кез келген мемлекеттің рөлі әлемдік мәдениетке қосқан зор үлесімен айқындалады. Қоғам ілгерілеуінің басты көрсеткіші қашанда оның мәдени жетістіктері болды. Қазақстанның қазіргі мәдениеті, этномәдени үдерістердің сан алуандығын және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының рухани жаңғыруын білдіреді. Сондықтан да кітапхананың маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанның рухани, мәдени және тарихи мұрасын кеңінен насихаттау. Әрбір көрнекті орынның, әр жолдың, әрбір сәулет құрылымының артында мемлекетіміздің бай тарихы жатыр.
«Өлендер жинағы»
Нить, что связывает библиотеку с читателями, при любых обстоятельствах: при пандемии, запретах проведения массовых мероприятий и других ограничений, продолжает функционировать. Накануне 150-летия казахского общественного деятеля, поэта и просветителя Ахмета Байтурсынова и в рамках занятий по освоению навыков чтения и письма по системе Л. Брайля прошли онлайн-чтения книги «Өлендер жинағы», выпущенной библиотекой рельефно-точечным шрифтом.








