Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Баршаға арналған спорт»
«Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас».
Шымырлық пен шеберлік күніне арналған бүгінгі «Баршаға арналған спорт» информ-досьемізде біз оқырмандарымызға мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған паралимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы, оның құрылуына кім себеп болғаны, қозғалыстың қалай дамығаны, ерекше жандар бақ сынайтын спорт түрлері туралы қысқаша ақпарат береміз. Паралимпиадалық спортшылар - тағдырдың сынағына төзіп, қиыншылықты жеңе білген батырлар. Олардың қайтпас рухы, үлгі алар өнеге.
Народные промыслы и ремесла
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы, Наурыз мерекесі қарсаңында кітапханамыз Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығымен бірлесе тақырыптық қолөнер үйірмесін ұйымдастырды. Мұражай мамандары халықтық ерекше қолөнер заттарының тарихын, жасалу тәсілдерін түсіндіріп, шеберлік сағаттарын өткізді. Зағип оқырмандарға ерекше әсерлі танымдық сабақ берген мұражай мамандарына шын жүректен алғыс білдіреміз.
«Жить по совести и чести»
«Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде кітапханамыздың тифлокеңістігінде «Адал еңбек – ар тазалығы» атты жемқорлыққа қарсы әліппесі және «Парасат жолы» бұрышы ашылды. Ашылуға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментінің мамандары қатысты. Оқу залындағы кітаптардан тақырыптық әдеби шолу ұйымдастырылды.
Шежіре күні
16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы, шежіресі баяндалады. Әр отбасының үлкендері ата-бабаларының жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп, елдің тарихы, ерлігі баяндайды. Ал, біз оқырмандар назарына «Бата», «Бата беру түрлері» туралы бейнематериалды ұсынамыз.




18 наурыз – игі істер күніне орай, кітапханамыз ең белсенді ерекше оқырмандарымызды құттықтап, тәтті сыйлықтар сыйлады. Барлық оқырмандарымызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!



