Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Махаббат пен тазалық патшасы»
Кітапханамызда 15 сәуір - Ғашықтар күніне арналған «Махаббат пен тазалық патшасы» атты әуенді кеш өтті. Кеште ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын, мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шертілді. Ерекше оқырмандарымыз махаббат жайлы ән шырқап, тыңдарман қауым көңілінің ажарын ашты. Махаббаттарыңыз баянды болсын!
«Ключи к здоровью»

7 сәуір халықаралық денсаулық күні. «Оптимист+» қызығушылық клубының оқырмандары «Денсаулық кілті» атты пайдалы кеңестер сағатына қатысты. Олар денсаулық турады бедерлі-нүктелі ғаріптегі «Культура и здоровье» журналы және «Денсаулық», «Домашний доктор», «Простые рецепты здоровья» т.б. баспасөз басылымдарындағы пайдалы кеңестермен танысты.




Кітапханамызда жас оқырмандар үшін «Ғажайып елге саяхат» атты әдеби калейдоскоп шарасы өтті. Балалар Әдебиет кейіпкерлері еліне саяхат жасап, Ақындар қаласында өлең жазып, Ертегілер елінде өз оқиғаларын құрастырды. Шарадан өте қызықты әрі танымды ақпараттар алды.
Восточно-Казахстанская областная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан представляет вашему вниманию видеожурнал «Первооткрыватель космической страницы Казахстана» (к 75-летию Тохтара Аубакирова).



