Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Виртуальная экскурсия «Вас приветствует...!»
Құрметті достар! Біздің кітапханамызға және ондағы кітап залдарына саяхат жасағыңыз келе ме? Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысқыңыз келе ме? Олай болса дайындалыңыз! Біз Сіздер үшін арнайы виртуалды саяхат дайындадық!
«Жүректен шыққан алғыс»
Алғыс айту күніне орай кітапханамызда «Жүректен шыққан алғыс» атты ізгі тілектер калейдоскопы өтті. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Тақырыпқа сай кітап көрмесі және әр түрлі тілде жазылған «Рахмет» және «Алғыс білдіремін» сөздерінен құралған стенд ұйымдастырылды.
«В гостях у библиотечной Әжеки»

Кітапханамызда балаларға арналған «Кітапханалық әжеде қонақта» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл өте маңызды, өйткені 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуларын қолдау жылы деп жарияланды. Іс-шараларда балалар қазақ балалар фольклорының алуан түрлілігімен танысады. Бүгін әжеміз «әдеби сандықшасындағы» сиқырлы құпияларды ашады. Бейне шолуда «әлпештеу фольклорына» топтастырылған өлеңдер ұсынылады.




Бүгін кітапханамызға қонаққа Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің дефектология мамандығының 3 курс студентері келді. 




